Түркістанда дауыл соғып, 2 мыңнан аса нысан жарықсыз қалды

2016
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында дауыл соғып, 2 аудан жарықсыз қалды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың мәлімдеуінше, Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні қатты. Бәйдібек пен Сауран аудандарында 2 мыңнан аса абонент электр желісіне қосылмаған.

«Өңірдегі су нысандары мен қоймаларда тәуліктік кезекшілік жүргізіліп, бақылауға алынды. Дауылға байланысты Кентау қаласындағы барлық білім беру ошағы қашықтан оқытуға көшіріліп, балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты.

Базарлар мен сауда орталықтарының және халық көп шоғырланатын нысандардың жұмысына шектеу қойылды. Аудан, қалалардың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті»,—деді ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Пікірлер