Тоқаев әскерилердің еңбекақысы өсетінін мәлімдеді

2008
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында әскери қызметкерлердің жалақысы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.

Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек», - деді Президент.

Пікірлер