Маңғыстауда екі әйел нәресте саудасымен ұсталды

2485
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында полицейлер нәресте сатпақ болған деген екі әйелді ұстады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 мамыр күні сағат 13:00-де Маңғыстау облысы бойынша ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен 35 жастағы тұрғынды жаңа туған сәбиін сату үшін ақша алып жатқан жерінен ұстады.

Тексеру барысында күдіктіден заттай айғақ алынды. Сондай-ақ полицейлер 38 жастағы күдіктіні ұстады, оған жаңа туған нәресте берілді. Сәби сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелетке толмағандарды саудалау» 2-бөлігі бойынша іс қозғады. Күдіктілер кінәсін мойындады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер