"Қызыл жалау ұстағандар тайраңдап жүр". Қазақ жазушысы министрлікке үндеу жолдады

2889
Adyrna.kz Telegram

Жазушы-публицист Марат Байділдәұлы қызыл ту желбіреткендерге наразылығын жазды, деп хабарлайды "Адырна". Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында бөлісті. 

Министрлік назарына деп, Жеңіс күніне шеру ұйымдастырғандардың қызыл жалау желбіреткендеріне  наразылығын білдірді ол.  Айтуынша, астыртын өге идеологияны көздеушілерге шара қолдаун қажет дейді:

"Алматы - Қапшағай трассасында жойылған Совет өкіметінің Қызыл жалауын желбіреткен автомобильдер легі тайраңдап өтті. Арасында бірен-саран Қазақстан жалауын қойып алған. Ресейдің Қазақстанды өзіне қосып алу саясатын қолдаған рашистер тәуелсіз Қазақстан халқын неге басынады? Мұндай бассыздықтар қашан тоқтайды?
Осы оқиғаға байланысты оны ұйымдастырған, қатысқан жүгенсіздерге қатаң шара қолдану қажет деп есептейміз!" деп жазды ол.
Пікір білдіруші жұрт, "тайраңдатпау керек", "өте дұрыс, сазайын беру керек", "не сұмдық" деген жазбаларын қалдыруда.
Бұған дейін "Адырна" редакциясы елімізде қызыл ту желбіреткендердің ісіне қатысты заңгер маманнан пікір алған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер