Қаңтар оқиғасы. “Алматы әкімдігіне шабуыл жасаған”делінген адамдар айыпталды

1928
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қаңтарда  жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, президент резиденциясы мен әкімдікке шабуыл жасау фактісі бойынша 5 айыпталушыға қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Айыпталушылардың 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасағаны анықталғаны хабарланған. Мемлекеттік мекемелер қиратылып,  басып алынған кезде айыпталушылар жараланып, оқиға орнында жан тапсырған.

“Сотталушылардың кіналары алынған бейнежазбалармен, куәлардың және туыстарының тану туралы хаттамаларымен, жүргізілген сот-медициналық сараптамалары және ұялы телефон болған жердің мәліметтерімен, жәбірленушілердің Алматы қаласы Үкіметіне және Президенттің Резиденциясына шабуыл жасаған және қару қолданғаны туралы жауаптармен расталды. Аталған қылмыстық іс сотпен қарастырылған себебі, яғни тергеу барысында, сотталушылардың заңды өкілдері қылмыстық істі ҚР ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы бойынша қысқартуға қарсы болған”, – делінген сот хабарламасында.

Марқұмдардың бесеуі де кінәлі деп танылды, алайда қаза табуларына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер