Ақмолалық оқушы шетелдік 6 университеттің грантын ұтып алды

2433
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысы Білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Хайрушев Жарас шетелдік 6 университеттің грантын ұтып алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жарас АҚШ-тың 6 университетінің ( Widener university - 148000$; Michigan state university - 72000$; Arizona state university - 52000$,Loyola university Chicago - 84000$, Adelphi university - 100000$, George Mason university - 48000$ ) грант иегері атанды. Сондай-ақ АҚШ-тың және Канаданың 4 университетінен (Pennsylvania state university, University of Illinois Chicago, University of Toronto , University of Ottawa) арнайы шақырту алып отыр»,—деді облыстық Білім басқармасы.

Жас түлек бала кезінен криминалист болуды армандайды. Бұл сала туралы түрлі фильм мен көркем әдебиетті оқып, болашақ мамандығы туралы ізденуді 7-сыныптан бастаған.

«Қазіргі қоғамда қылмыстың өршіп тұрғандығы және оның алдын алу жолдары қандай деген сауал Жарасты бей-жай қалдырмады. Ол осы мәселе төңірегінде үнемі ізденіп, түрлі әдебиеттер оқып, 2022-2023 оқу жылы “How do people get on the path murder and violence” деген тақырыпта адамдардың қылмысқа бару себебі жөнінде ғылыми зерттеу жоба жұмысын жазады. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылы Жарас ағылшын тіліндегі республикалық дебат турнирлеріне қатысып, 1-орын иегері атанды. Сондай-ақ ағылышын тіліндегі “World scholars cup” халықаралық олимпиадасына қатысып, 5 алтын, 1 куміс медаль иеленді. Үздіксіз дайындық пен табандылығының нәтижесінде Жарас IELTS сынағын 7 балға, SAT емтиханын 1200 балға тапсырып, өзі арман еткен криминалист мамандығы бойынша шетелдің белді оқу орындарында заманауи білім алу мүмкіндігіне ие болды.Бұл, әрине, оқушы мен ата-анасы үшін үлкен қуаныш және оқушыларын білім шыңдарын бағындыруға талаптандырып отырған «Білім-инновация»лицей-интернатының табысты жеңісі деп білеміз»,—деп түйіндеді басқарма.

Пікірлер