Соңғы аптада азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

1607
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Жылдық көрсеткіште - 10,6%-ға өскен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәліметтерге сүйенсек, нан, айран, сәбіз, пияз, қырыққабат, сары май, ет қымбаттаған.

10 мамырдағы Қазақстандағы кейбір тауарлардың орташа бағасы:

айран 2,5% - 407 теңге/литр;

қырыққабат - 141 теңге / кг;

күріш – 411 теңге/кг.

Мәліметтерге сүйенсек, нан, айран, сәбіз, пияз, қырыққабат, сары май, ет қымбаттаған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі. Қалалардың әртүрлі бөліктеріндегі гипермаркеттер мен дүкендер, базарлар таңдалады.

Кейбір аймақтарда азық-түлік қымбаттаса, кейбір аймақтарда керісінше арзандайды. Бұл әлеуметтік маңызы бар өнімдерге ғана қатысты емес.

Пікірлер