Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын таныстырды

2489
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/bb8028ad-b985-4d49-bb62-ff350dd02fb8.jpeg
Линда Яккарино Twitter-дің жаңа бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Илон Маск Twitter-дегі  жеке парақшасында жазды, “Адырна” ұлттық порталы.
«Twitter-дің жаңа бас директоры ретінде Линда Яккариноны көргеніме қуаныштымын!», - деп жазды ол.
Айтуынша, компанияның жаңа басшысы бизнес-операциялармен айналысатын болады. Ал өзі өнімнің дизайны мен жаңа технологияларға ден қояды. Линда Яккарино 60 жаста. Айта кетейік, әлемнің ең бай адамдарының бірі И.Маск Twitter-ді өткен жылдың қазан айында 44 млрд долларға сатып алған болатын. Ол бірден компанияның директорлар кеңесін таратты. Бір жолы Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің бас директоры етіп, өз итін «тағайындаған» болатын.
Комментарии