Болат Назарбаев осынша жер мен базарды мемлекетке қайтарды дейді. Оны қалай иемденді дегенді айтпайсыздар ма? Заңсыз иемденген дүние болса, іс қозғалу керек емес пе?

3148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/341133291_199064592840864_5964369881033075238_n-960x500.jpg?token=ecb222151de44d2f451325473bf99901
Болат Назарбаев осынша жер мен базарды мемлекетке қайтарды, Қайрат Сатыбалды осындай үлесін мемлекетке қайтарды, Құлыбаев осынша дүниесін қайтарайын деп жатыр дейді.
Олар оны қалай иемденді, не үшін, қандай заң бойынша беріп жатыр дегенді айтпайсыздар ма? Заңсыз иемденген дүние болса іс қозғалу керек емес пе? Заңды болса оны неменеге қайтарып жатыр? Қолдан-қолға өте беретін не деген иесі жоқ, қисапсыз байлық ол?!
«Жаңа Қазақстанда» ашық болайық та. Әйтпесе, халқымыз «мемлекеттің байлығын қайта бөліске салып жатыр» деп айтып жатыр.
Комментарии