Қытай Владивостокты ішкі порт деп жариялады

2170
Adyrna.kz Telegram
Фото: news.dialog.ua
Фото: news.dialog.ua

Қытайдың бас кеден басқармасы Владивостокты ішкі сауда үшін транзиттік порт деп жариялады. Бұл туралы Реснй сыртқы істер министрлігі Владивостоктағы өкілдігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап жариялады, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұдан былай Қытайдың бір провинциясынан екінші провинциясына тасымалданатын тауарлар Владивосток арқылы кедендік рәсімсіз өтеді.

Шешім 1 маусымда күшіне енеді және Қытайдың солтүстік-шығысынан оңтүстікке тасымалданатын тауарларға қатысты болады. Егер бұрын Ресей Федерациясымен шектесетін Цзилинь провинциясынан тауарлар әдетте Қытайдың қарама-қарсы шетіне 1000 шақырымды еңсеріп, Сары теңіз порттарына жөнелтілетін болса, қазір оларды бір-екі жүз километрге дейін тасымалдауға болады. Онда контейнерлер кемелерге қайта тиеліп, алушыға жіберіледі.

Қытай үшін солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай логистикалық жолдың құрлықтағы бөлігін бес есеге қысқарту мүмкіндігі өте маңызды: елде өндірістің қарқынды өсуін көздейтін Солтүстік-Шығыс Қытайдағы өнеркәсіпті жаңғыртудың стратегиялық жоспары бекітілді. Бірақ Владивосток инфрақұрылымы жүк тасымалының ұлғаюына төтеп бере ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

Өткен жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Владивосток портында кептеліс пайда болып, кемелер екі апта бойы жүк түсіруді күтуге мәжбүр болды. Күзге қарай көлік кептелісі қайта туындауы мүмкін.

Пікірлер