Рок-н-ролл ханшайымы Тина Тернер қайтыс болды

2104
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

Сегіз дүркін Грэмми сыйлығының иегері, рок-н-ролл ханшайымы Тина Тёрнер 83 жасында қайтыс болды. Бұл туралы әншінің өкілі Sky News-ке мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, әнші Цюрих маңындағы Кюснахт қаласында ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болған.

Айта кетейік, Тина Тернер музыкалық мансабын 1958 жылы бастады. Оның River Deep, Mountain High әндері көп тыңдалып, әнші де танылған еді.

Rolling Stone журналы Тернерді заманымыздың ең ұлы әншілерінің бірі деп атады. Ол алғаш рет Рок-н-ролл Даңқ Залына 1991 жылы Айк Тернермен дуэт ретінде кірді және 2021 жылы жеке тұлға ретінде қабылданған болатын.

Пікірлер