“232 мың теңгеге бір доп сатып алмақ болған”. Шымкенттегі мектептің жоспары

2023
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттегі мектептің бір баскетбол добын - 232 мың теңгеге, волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алмақ болғаны хабарланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жазба бойынша, Шымкенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұл сатып алудың алдын алып, бюджеттің 2,2 млн теңгеден астам қаражатын үнемдеп қалған.

"Қалалық білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген. Мемлекеттік мекеме баскетбол добын - 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған, – деп жазды Ерғарин.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделген.

Пікірлер