Илон Маск Қазақстанда Tesla көліктеріне қуаттау станцияларын салуға уәде берді

1496
Adyrna.kz Telegram

Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Қазақстанда электрмобильдерді қуаттауға арналған Supercharger станцияларын салуға уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ-та жаңа Tesla Model Y электрмобилінің тұсаукесері өтті. Көлікті таныстыру барысында компания басшысы ғаламдық Supercharger қуаттау станцияларын жасау жоспарда бар екенін айтты. Маск көрермендерден құрылғыны қай елдерде орнату керектігін сұрады. Соған орай залда ол шараға шамамен қазақстандықтар қатысқан болуы керек, олар Қазақстанда орнатуды сұраған.  Илон Маск болса "Бізді Қазақстанда өте жақсы қолдайды, сондықтан Supercharger-ды саламыз" деді.

Пікірлер