АУЫТ МҰҚИБЕК: “Қасым-Жомарт, кішкентай кезіңде мен сені еңкейіп тұрып бетіңнен сүюші едім, қазір сен биіктеп кеттің, бойым жетпей қалды...”

13226
Adyrna.kz Telegram

Қай жылы, қандай жиналыс екенін ұмыттым, Тұманбай ағама еріп барғаным есімде, Алматыдағы Жазушылар одағына Қасым-Жомарт Кемелұлы келді.

Айтпақшы, әкесі Кемел Тоқаевтың сексен жылдығына арналған шарға кесе керек.
Алдыңғы қатарда отырған ақсақал жазушыларға жағалай қол беріп, асандаса бастады.

Марқұм Әзілхан Нұршайықов ағамыз орнынан тұрып, "Қасым-Жомарт, кішкентай кезіңде мен сені еңкейіп тұрып бетіңнен сүюші едім, қазір сен биіктеп кеттің, бойым жетпей қалды..." - деді.

Сол-ақ, екен, Қасым-Жомарт Кемелұлы "Әзаға, онда енді мен еңкейіп, Сізге бетімнен сүйгізейін!" - деп, Әзілхан Нұршайықов ағамыздың алдына келіп, еңкейіп бетінен сүйгізді.

Өзі де құшақтап, Әзілхан ағамыздың бетіңнен сүйді.
Зал толы адам еді, бәрі тебіреніп кетті, білем, орындарынан тұрып, қол соқты....

Ауыт Мұқибек

 

Пікірлер