Жел күшейіп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы жағдай туралы айтты

2310
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Абай облысында жел тұрып, жай жанып жатқан өрттерді күшейтіп жіберу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Бүгін тікұшақпен барлаудың нәтижесінде жағдайдың тұрақталғаны көрінеді. Бірақ екі елді-мекенде өрттердің ыстық нүктелері анықталып жатыр. Жеке құрамдар мен барлық техникалар жұмылдырылды. Сонымен қатар, тікұшақтан су тастау жұмысы да жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда өткен күндерге қарағанда жел күшейіп жатыр. Осы желдің күшейгені жай жанып жатқан оттарды қайттан күшейтіп жіберу қаупі бар. Сондықтан барлық құралдарды мүмкіндігінше дайындап, өрт сөндіруге ат салысамыз. Барлығы бақылауда,- деді ол ТЖМ телеграм арнасында.

Пікірлер