ДУМАН БЫҚАЙ: Назарбаевтан "мұраға қалған" министрлер Жаңа Қазақстанды ұшпаққа шығармайды. Айналып кеп, жаманатты болатын да президенттің өзі...

1710
Adyrna.kz Telegram
Ильин дейтін маңғаз министрдің енжарлығы мен бейқамдығынан Абай облысы отқа оранды. Алапат өртті ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Құрбан болғандар бар.
Төтенше жағдай саласы төтенше жағдайға дайын емес. Саладағы тамырын тереңге жіберген проблемалар осындайда айқын көрінеді.
Екібастұздағы катастрофаны ұмыта қойған жоқпыз. Қаңтардың қызыл шұнақ аязында жылусыз қалған халықтың мемлекетке деген өкпесі қара қазандай. Ол тұста та Төтенмин қауқарсыздық танытты.
Ильиннің былық-шылығы әлі де айтыла жатар. Министрлікке аудит жүргізіледі әңгімені құлағымыз шалды. Оны алысқа ұзатпау керек...
Тоқаевтың Виетнам сапары кейінге шегерілсе, бұл шарасыздықтан қабылдаған шешім болғаны анық. Абай облысындағы ахуалдың бақылаудан шығып кеткенін көріп отырмыз. Төтенше жағдай саласына толық реконструкция керек.
Осы саладағы мамандардың жалақысын көтеру, қажетті құрал-жабдықпен жарылқау, чп орын алған жерге дереу жететін техникамынен қамту кезек күттірмейтін мәселе.
...
Тоқаевқа кадрлық сұрыптау жұмысын жүргізу қажет-ақ. Назарбаевтан "мұраға қалған" министрлер Жаңа Қазақстанды ұшпаққа шығармайды. Айналып кеп, жаманатты болатын да президенттің өзі...
Пікірлер