Әлемдік мұнай бағасы құлдырады

1886
Adyrna.kz Telegram

Әлемдік мұнай бағасы 1,11 пайызға құлдырауда. Brent мұнайының бағасы барреліне 74 доллардан төмен түсті, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Астана уақытымен 08:38-дегі жағдай бойынша, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 73,96 долларға дейін 1,11 пайызға төмендегені белгілі болды. 

Шілде айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 1,08 пайызға дейін арзандап, 69,41 долларды құраған болатын.            

4 маусымда ОПЕК+ елдерінің отырысы өтіп, онда мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне шамамен 1,4 млн баррельге, тәулігіне 40,46 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылданғанын еске саламыз.

Пікірлер