Бюджеттен бөлінген 5,3 миллиард қайда кетті?

1477
Adyrna.kz Telegram

«Семей орманы» резерватының қажетті жабдықтарына 8 жылдың ішінде 5.3 миллиардтан астам теңге бөлінген, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Дәулет Мұқаевтың парақшасына сілтеме жасай отырып.

Депутат Дәулет Мұқаев жеке парақшасына «Семей орманына» бөлінген қаржыны жариялады.

«Бюджеттің 5.3 миллиарды. Бірақ… Не дұрыс техника, не құрылғы. Тіпті, орманшылардың рацияларында батарейка болмаған. Арнайы аяқ-киімдері де жоқ.» деп жазба қалдырған.

Әлеуметтік желіде өрттен қаза тапқандардың отбасы мардымды көлік пен техниканың жоқтығын ашына айтып, Президентпен жүздескен еді. Бюджеттен 5.331.792.015  теңге бөлінсе де тосыннан келген апатқа Төтенше Жағдайлар министрлігі дайын болмай шықты.

Қазір өрттен көз жұмғандар саны - 14. Ал бір адам әлі іздестірілуде.

 

Пікірлер