Бұрынғы басшының мәйіті табылғаны хабарланды

2930
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті Қаратал өзенінен табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Маусымның айының  11-і күні жергілікті балықшылар Қаратал өзенінен әйелдің денесін тауып алып, полиция қызметкерлеріне хабар берген.

Оқиға орнына жеткен полицейлер марқұмның тұлғасын анықтады. Зерттеу нәтижесі бойынша мәйіт Талдықорған қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы Роза Бармановаға тиесілі болып шықты. Тексеруден кейін әйелдің денесі өлім себебін анықтау үшін қалалық мәйітханаға жеткізілді.

«Қаратал өзенінің маңында зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ әйелдің денесі табылды. Факті қалалық ішкі істер органдарында тиісті тексерулер ұйымдастырумен ресми тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, ол өлімнің себебін анықтауы керек», - деп хабарлады Талдықорған ПД.

Айта кетпйік, Роза Барманова 2016-2022 жылдар аралығында Талдықорған қаласының білім бөлімін басқарған болатын. Алайда, оның орнына келген Жандос Жолдыханов 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Дәл қазір ол сот шешімімен қамауда отыр.

Пікірлер