Тәртіп жасағының жүзге жуық сарбазы "бос қалған" ауылдарға аттанды

1529
Adyrna.kz Telegram

Абай өңіріндегі алапат орман өртіне байланысты бос қалған ауылдарды тонаушылардан қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 100-ге жуық сарбаз сап құрды. Олар эвакуацияланған елді мекендерге табан тіреп, "жау жағадан алғанда, бөрі етектен" дейтін жағдайларға жол бермеуді көздеп отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың келісімімен эвакуацияланған Половинка, Каштак, Талица және Тепкаши ауылдарына 100-ге жуық гвардияшы аттанады. Сонымен қатар, Семей қаласының 5511 әскери бөлімінің 8 техникасы іске жегіледі,  деп хабарлайды "Шығыс"  баспасөз қызметінің бас маманы Бағдат Амангелді.

Әскери қызметшілер тонауға жол бермеу және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі ауысымда қызмет атқарады. Олар қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуді көздеп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер