Тоқаевпен басқа адамдар кездескен бе? Желіде өрттен қаза тапқандардың туыстарының видеосы тарады

14196
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барғанда онымен өздерін қаза болған орманшылардың туыстарымыз деп атаған бір топ бейтаныс  адам кездескен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kazakhstan Today агенттігіне сілтеп.

Желіде Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқандардың туыстарының видеосы жарияланды.

Телеарналар қайда? Бәрі қайда? Кеше келем деген Гариков қайда? Шешіп берем деген. Ол шешкен жоқ. Өзіміз шештік.  Біреу келіп көңіл айтты ма?  Жоқ, келген жоқ. Қоңырау шалады. Ол қоңыраулар бізге не керек?

Кеше президентпен туыстары кездесуге барғанда ешкім барған жоқ. Бірақ 14 өкілі болды деді. Басқа адамдар. Света деген кісінің фамилиясы жазылып тұр. Бірақ ол бармады. Осында отыр ғой. Менің туған әкем ғой. Баласымын деп барсам кіргізбей қойды. Танымайтын адамдар жүр дейді. Кім ол? Танымаймыз», - деді адамдар желіде тараған видеода.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаевтың Абай ауданында қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасымен кездескені хабарланған болатын. Президент қаза болғандардың отбасынан кешірім сұрап, оларға жеке жеңілдіктер беруге уәде берді.

Пікірлер