Өрт алаңы айтарлықтай қысқарды - Абай облысының әкімі

1998
Adyrna.kz Telegram

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өрт алаңы айтарлықтай қысқарғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Telegram каналында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өртті сөндіру бойынша жұмыс тәулік бойы негізінен екі бағытта – Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізіледі.

Табиғи өртті сөндіруге атсалысқан барлық күштердің арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.

Мәселен, Каштак ауылының ауданында жеке құрамнан 200 адам, 30 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка-Шүлбі ауданында 300 адам, 40 бірлік техника және 9 тікұшақ бар.

Соңғы күндері өрттің көлемі айтарлықтай азайғанын, өртті сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда екенін айту керек, - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Пікірлер