Семей орманында өрт басталғанда экс-министр Ильиннің Дубайда жүргені рас па?

1981
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайлар министрлігі ведомствоның бұрынғы басшысы Юрий Ильин Абай облысында өрт басталған кезде БАӘ-де болған деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп жазады "Адырна". 

Министрлік бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.  8-9 маусымда Юрий Ильин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған.

"Жұмыс сапарының бірінші күні ол облыс орталығының жанында салынып жатқан ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағының кешеніне, Петропавлдың Береке шағын ауданындағы өрт депосы кешенінің құрылыс аумағына барды. Келесі күні ТЖМ басшысы облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ үшін брифинг өткізіп, ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты", – делінде ТЖМ жауабында.

Пікірлер