Абай облысындағы қаза тапқан отбасылардағы балалардың хал-жағдайы жайлы айтылды

1555
Adyrna.kz Telegram

12 маусым күні еліміздегі бала құқықтары жөніндегі жаңа омбудсмен болып тағайындалған Динара Закиева Семейдегі өрттен қаза тапқан отбасылардағы балалармен кездесті, деп жазады "Адырна". Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Жаңа қызмет иесінің айтуынша балаларға тиісті көмек көрсетіліп, мектепке дейінгі балалар балабақшаға орналастырылып, олардың әрқайсымен әңгіме өрбіген. Президент тапсырмасына сәйкес қайтыс болған қызметкерлердің балаларын оқыту, әлеуметтік қолдау, жәрдемақы және тағы басқа колдау шаралары іске асырылып жатқанын жазды ол.

"2 бала анасыз қалса, ал 7 бала әкесіз қалды. Өте ауыр. Екеуі әлі мектепке де бармаған, 2 және 5 жаста. Алтауы – мектеп оқушылары. Біреуі - университет студенті.
Балалардың көбі Бородулихина, Успенка, Железенка ауылдарында тұрады. Кішкентайлары өскенде кім болғысы келетіндерін айтты. Сәл үлкендері мен жасөспірімдер болған жағдайдың бәрін түсініп тұр, әкелерімен бірге өткізген сәттерді еске алды.
Кешке марқұм Мейрамгүлдің Семейдегі туыстарының үйінде тұрып жатқан 2 баласымен, әпкесімен кездестік. Өте тату отбасы екен, бір біріне қолдау танытып, балаларға барынша жылулық беріп, қастарында жүр.
Әпкесінің айтуынша, Мейрамгүл мен жұбайының болашаққа деген жоспары жарқын еді. Жұмыстан шығып, ұлының оқуына байланысты Семейге көшуге дайындалып жатыпты. Жұмысын, әріптестерін қимай жүргенін де айтыпты" деп жазды ол.
Сонымен қатар, Закиева қазір эвакуациялық пункттерде 56 бала тұрып жатқанын, олардың бәрімен сөлесу жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар орындалғаны айтылды.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер