15 млн теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды - облыс әкімі

2263
Adyrna.kz Telegram

Қарасай ауданындағы он бес миллион теңгеге жеке меншік қолға сатылған мектеп, мемлекетке қайтарылды деп жазады "Адырна". 

Мәлімдемені Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

"Осыдан алты күн бұрын бұрынғы білім ошағын сатып алған кәсіпкер өз еркімен ғимаратты қайтарып берді" - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылындағы Ломоносов атындағы орта мектептің жеке қолға бар болғаны он бес миллионға сатылып кеткен жайлы айтқан болатын. Кейіннен мектепті сатып алған студент жігіт екені белгілі болады.

Пікірлер