Өрттен қалған ағаш тасыған ШҚО көлігінің суреті тарады

3214
Adyrna.kz Telegram

Желіде Семейдегі өрттен қалған ағаштарды тасып бара жатқан көліктің суреті тарады, деп жазады "Адырна". Желі қолданушылары суретке түрлі пікір білдірді.

Facebook желісінде Еркежан Тұрсынбаева есімді қолданушы Шығыс Қазақстандық нөмірдегі көлікке тиелген ағаш бөренелердің суретін жариялады. Айтуынша сурет бүгін, 14 маусымда тараған. Нақты мәліметтер белгісіз дейді автор.

Желі қолданушылары сурет туралы "бұл өрттен кейінгі ұрлық, көлеңкелі экономикалық бизнес", "ағашпен айналысатындардың қасақана тірліктері болдыма сонда", "осылар өртеген" деп пікір білдіруде.

Бұған дейін Абай облысында 60 мың гектарды шарпыған орман өрті орын алғаны белгілі. Өрт салдарынан 15 адам қаза тапты.

Возможно, это изображение склад лесоматериалов

 

Пікірлер