«Ата-ана шағымданбаса да». Зәкиева молда сабаған балаларды бақылауға алды

1882
Adyrna.kz Telegram

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мешіт ұстазының кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соғу оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл жағдай менің бақылауымда. Ата-ананың ешқандай шағымымыз жоқ дегеніне қарамастан, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. ҚР ҚК 140 бабына сәйкес іс қозғалды. ІІМ вице-министрі К. Сүнтаев және өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыстамын. Өңірлік уәкіл оқиға орнына барады»,—деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде мектеп жасындағы кішкентай екі баланың дене жарақатын алған видеосы қызу талқыланып жатқанын жазған едік. Бейнежазбада балаларды медреседе хадистерді жаттамағаны үшін ұрғандығы айтылады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, «Таспау Сәлімбай» мешітінің ұстазы өзге тұрмыстық мәселелер бойынша ашуланып, өз эмоциясын тізгіндей алмай, кәмелетке толмаған балаларға қол жұмсаған.

Пікірлер