Өрттен соң. Абай облысында 2 тоннадан астам дизельдің заңсыз тасымалданғаны анықталды

3105
Adyrna.kz Telegram

Абай облысының полицейлері дизель отынын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 829-шақырымында Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан ГАЗ-27390 көлігін тоқтатты.

«Тексеру барысында жүргізуші өз көлігінде жалпы көлемі шамамен 2 тонна 600 литр дизель отынын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды. 44 жастағы заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 3-бөлігі (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, осы баптың санкциясымен жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер