Бесеуі кәмелетке толмаған. Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапты

4036
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен-Кендірлі тасжолында жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты. Оның бесеуі кәмелетке толмаған. Осы оқиғаға байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 16 маусым күні сағат 21:30 шамасында болған.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, ескерткім келеді. Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі. Кешегі қорқынышты апатты талдай отырып, «Toyota» көлігінің ішінде 8 адам болғанын атап өткім келеді. Егер ережелер сақталып, жүргізуші мен жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағып, сондай-ақ балаларға арналған орындықтар пайдаланылса, онда көлікке тек 4 адам ғана сыяды. Ал, апат болған жағдайда бұл құралдар адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін. Осы жол-көлік оқиғасындағы екінші көлік – «Duster» автокөлігінің жүргізушісі бір ай бұрын қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін ескерту алып, айыппұл салынған. Осыған байланысты жол қозғалысы ережелерін сақтауды және өз өмірлеріңіз бен балаларыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын!"- деп үндеу жасады аймақ тұрғындары мен қонақтарына полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев.

Пікірлер