Қарсылық болды. Басқыншының қалай ұсталғаны туралы министр айтып берді

1828
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов басқыншымен өзі келіссөз жүргізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, басқыншы қыздың мойнынан ұстап алған.

Ол қызды мойнынан ұстап, қорқытқан. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Қазір барлығын дәрігерлер тексеру үстінде, өйткені көзден жас ағызатын газ қолдандық. Ешкім зардап шеккен жоқ, мен жауапкершілікпен мәлімдеймін. Шабуылға арналған арнайы техника қолданылды. Басып алу жұмыстары ойдағыдай ұйымдастырылды, әрине, қарсылық болды! Барлығы тергеу барысында анықталады, - деді министр.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, 2013 жылдан бері басқыншы наркологиялық диспансерде есепте тұрады. Қылмыстық істер бойынша екі рет сотталған.

Басқыншы банктің барлық активтерін мүгедек балалар, кедейлер мен мұқтаждарға арналған қорларға аударуды талап етті.

Одан бөлек, оның банктік несиелер бойынша біраз қиындықтары бар деген нұсқа бар.

Белгілі болғандай, құқық бұзушы 1993 жылы туған Мурадов Әлихан.

 

Пікірлер