Жалған құжатпен көліктерді тіркеген қылмыстық топ құрықталды

2034
Adyrna.kz Telegram

“Ішкі істер министрлігі жалған көліктерді тіркеген қылмыстық топтарды ұстады”, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Polisia.kz сілтеме жасай отырып.
Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі шетелден әкелінген көліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесу және құрықтау бойынша мақсатты жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізген. Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақмола облысында жүк көліктерін заңсыз тіркеген топты анықтады. Қылмыстық топ өткен жылдың ақпанынан биылғы сәуір айына дейін жалған төлем түбіртектерін пайдаланып, алғашқы мемлекеттік тіркеуге 62 жүк көлігін Қазақстанның тіркеуіне қойғаны анықталып отыр. Жүк көліктерінің әрбір бірлігі алғашқы мемлекеттік тіркеуден өткені үшін ресми төлем шамамен 7-8 миллион теңге болуы қажет. Алдын ала мәлімет бойынша, мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 500 миллион теңгеге жеткен.

Пікірлер