Кісі өлімі. Үлкен Алматы жолын пайдалану апатпен басталды

2049
Adyrna.kz Telegram

“Үлкен Алматы айналма жолы маңында үлкен жол апаты болып, 3 адам көз жұмды”, деп хабарлайды “Адырна”.

Маусым айының 18-і күні таңғы уақытта Kia көлігінің жүргізушісі үлкен жол апатына себепкер болды. Көлікте жалғыз болмаған 29 жастағы жүргізуші Алматы - Көкпек - Көктал тасжолында рөлді тізгіндей алмай, Үлкен Алматы айналма жолына шыққан.  Сол сәтте  ол  51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ал кейін жеңіл авто көлік жол бойында тұрған газон суаратын ЗИЛ көлігіне соғылған. анықталды.

Полицияның мәлімдеуінше, жантүршігерлік жол апатынан ЗИЛ көлігінің жүргізушісі, Kia-ның 42 жастағы жолаушысы сол жерде қайтыс болған. Ал, жеңіл көліктің жүргізуші ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар, тағы бір жолаушы Алматы қаласының ауруханасына жеткізілген.

Пікірлер