“Сапасы сын көтермей тұр”. Жаңаөзендегі жаңа асфальт кілем секілді

1501
Adyrna.kz Telegram

“Жаңаөзенде тұрғындар кілем секілді асфальтті видеоға түсіріп алған”, деп хабарлайды “Адырна” Tengri.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желіге жарияланған видеодан Жаңаөзенде жаңадан төселген асфальт жабыны жұқа екені және оны ешқандай қиындықсыз, кілем секілді оңай көтеруге болатыны көрінеді.

Мамандардың айтуынша, асфальт үшін алдымен битум құйып, содан кейін асфальт төсеу керек. Мұнда тек тор қойылған, сондықтан байланыс жоқ.

Видео "Өзенмұнайгаз"АҚ құрылымдық бөлімшесі саналатын №1 Мұнай-газ өндіру басқармасының жолында түсірілген.

Пікірлер