Шымкентте әскери қызметкер көз жұмды

1954
Adyrna.kz Telegram

“Шымкенттегі әскери бөлімде оқыс оқиға болды. Офицер өлімі тіркелді”, деп хабарлайды “Адырна”.

Шымкентте 2 әскери қызметкер қашықтыққа жүгіргеннен кейін жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен. Келесі күні оның біреуі ауруханада көз жұмған. Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растап отыр. Ресми хабарламада:

«2023 жылы 15 маусымда Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, әскери қызметшілер ойлы-қырлы жерлерде қашықтыққа жүгіру жаттығуын өткізген. Шара аяқталған соң әскери қызметші Б. Байжанов өзін нашар сезінген, оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Әрі қарай ол Шымкент қаласының бірінші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ертесіне сағат 17.15 шамасында әскери қызметші қайтыс болды»,-деп жазылған. Дерек бойынша мән-жайды анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Пікірлер