Ақмола облысындағы Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілгені хабарланды

4597
Adyrna.kz Telegram
Әлеуметтік желіде Ақмола облысы Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласының "Кенесары" болып ауысқаны жайлы айтыла бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  
Державинск - Ақмола облысы Жарқайың ауданының орталығы, Арқа өңіріндегі ірі қалалардың бірі. Есіл өзенінің аңғарында қымтанып жатқан қаланың тарихы терең. Іргесі 1956 жылы қаланғаны айтылады.
Соңғы жылдары әлеуметтік желі қолданушылары, қоғамдық-cаяси белсенділер мен қазақ тілді орта Қазақстандағы жер-cу атауларын қазақшалауды оқтын-оқтын мәселе ретінде биліктің алдына қояды. Әлеуметтік желіде Державинск қаласының атауы "Кенесары" болып өзгертілгені айтыла бастады. Бұл ақпаратқа қатысты тараған видеода қала тұрғындарының пікір білдіріп, дауысқа салғанын байқауға болады.
Ақпаратқа қатысты әлеуметтік желі қолданушысы, қоғамдық пікір жетекшісі Бурахан Дақанов былай дейді:
- Державинск деген Ақмола облысындағы қаланы Кенесары деп өзгерткен ерлер неткен бақытты. Риза болып отырмын. Бәрімізге жұғысты болсын. Естуім бойынша залда отырған біршама өзге ұлт өкілдері де қаланың аты Кенесары болсын деп дауыс беріпті. Бұл сол жердегі идеалогия бөлімінің жақсы жұмыс жасағаны, жергілікті жігіттердің қайсарлығы деп білем. Жарайсыңдар Кенесары қаласының тұрғындары, - деп жазды автор.
Тағы бір әлеуметтік желі қолданушысы Тойған Жолдасқызы:
- Ақмола облысындағы Державинск қаласы Кенесары хан болып өзгертілді. Құтты болсын, Қазақ елі, - деп сүйіншіледі.
Орайы келгенде айта кетейік, Державинск қаласының атауын қайта атау туралы жиында 325 адам тіркелген. Оның 321-і дауыс берген.  Атап айтқанда, қалаға қазақы атаудың берілуін 192 тұрғын құптаған. 125 тұрғын қарсы шыққан.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер