Германияға Қазақстанның қандай пайдасы бар? Президенті ашығын айтты

2015
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы бүгінгі кездесуде Германия басшысы қазақ даласынан жеткен энергия жайлы сөз қозғады. Оның хабарлауынша, Қазақстан шикі мұнай жеткізу арқылы Германияны энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасау барысында Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Соңғы уақытта Қазақстан Германияның энергиямен жабдықталуына елеулі үлес қосып келеді. Әсіресе, Қазақстанның  қосымша мұнайды бізге жеткізуді жоспарлап отырғаны қуантады. Бұл келешекте елімізде орналасқан мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жандандырып, Шығыс Германиямен жанар-жағармаймен жабдықтауға мүмкіндік береді», - деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия басшысы сонымен қатар ағынан жарылып, ыстық ықыласын танытты. Қазақстан тарапына қосымша мұнай жеткізетіндігі үшін ризашылығын білдірді.

«Бұл энергетикалық сектор үшін өте жақсы жаңалық әрі қосымша мұнай жеткізу туралы келісім жасалғаны қуантады. Сол үшін Қазақстан тарапына шын жүректен алғысымды білдіремін», - деді Германия Президенті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер