“Бұл — Ресейдің ішкі мәселесі”. Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2279
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Телефонмен сөйлесу барысында Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті.

Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі  – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.

Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Пікірлер