Армения әскері Әзірбайжанға оқ жаудырды

2151
Adyrna.kz Telegram
Фото: trend.az
Фото: trend.az

Армения әскері Әзірбайжанды атқылады. Бұл туралы Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін сағат 10.40 пен 11.00-дің арасында Арменияның Қарулы күштері Нахчыван Автономды Республикасының аумағын атқылады. Армения әскері Веди ауданының Араздейен селосынан Нахчыванның Садрак ауданының Гейдарабад елді мекеніне қарай оқ жаудырған, делінген хабарламада.

Әзірбайжан Республикасының шекарашылары арандатуға жауап беріп, қарулы шабуылдың бетін қайтарған.

Пікірлер