Асылхан Төлепов «OCTAGON 46» турнирінде жеңімпаз атанды

2160
Adyrna.kz Telegram
Актер Асылхан Төлепов «OCTAGON 46» турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
"Жау жүрек мың бала", "Балалық шағымның аспаны", "Сұңқар", "Шыңырау" сынды бірқатар отандық фильмдер мен сериалдар арқылы халық жүрегіне жол тапқан актер Асылхан Төлепов 24 маусым Алматы қаласында өткен Халықаралық кәсіпқой ММА ережесіз жекпе-жек бойынша «OCTAGON 46» турнирінде жеңімпаз атанды. Қуанышты жаңалық жайлы режиссер Асхат Маемиров хабарлады:
Елімізге танымал театр және кино актері, біздің Музыкалық жас көрермен театры актері, төрт дүркін "Өнер барысы" турнирінің жеңімпазы, ММА жеңімпазы, "Театр барысы" республикалық турнирінің жетекшісі -
Асылхан Төлепов бүгін 24 маусым Алматы қаласында өткен Халықаралық кәсіпқой ММА ережесіз жекпе-жек бойынша «OCTAGON 46» турнирінде жеңімпаз атанды!
Асылхан - Қазақстан Мақтанышы. Театрың - Өзіңмен мақтанады, балам, - деп жазды автор.
"Адырна" ұлттық порталы  
Пікірлер