“Қазақмыс” компаниясының басшысы көлік жарысына қатысу үшін британдық команданы сатып алған

1701
Adyrna.kz Telegram

Владимир Ким алты жарыс командасы ғана қатысатын Hitech Global Holdings акцияларының 25 пайызын сатып алды, деп хабарлайды “Адырна” сайты Schrödinger Sport telegram-арнасына сілтеме жасап.

Формула 1-ге 2026 жылдан бастап қатысуға мүмкіндік алған президент, нәтижеге қол жеткізу үшін 20 ай бойы күш жұмсаған.

Hitech сонымен қатар Владимир Кимнің аталмыш саудасы спортқа салған алғашқы инвестиция емес екенін атады.

«Мотоспорттың қарқынды өсуі, өсіп келе жатқан танымалдығы, маркетингтік бизнес мүмкіндіктері және өсіп келе жатқан жанкүйерлер базасы менің жеке және коммерциялық мүдделерімде» деген еді ол.

62 жастағы Кимнің байлығы 4 миллиард 600 миллион долларды құрайды. Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тумасы ең бай қазақстандықтардың қатарында, ал Forbes рейтингі бойынша әлемдегі ең бай адамдар арасында ол 591-орында.

Қазіргі таңда ол “ҚазақМыс” және Kaz Minerals компаниясы және RBK банктеріне иелік етеді.

Пікірлер