Танымал қазақстандық ауыр атлеттің өз-өзіне қол жұмсағаны айтылды

3063
Adyrna.kz Telegram

Танымал қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

35 жастағы спортшының денесі Қаратал ауданы Достық ауылында тұратын жерінен табылды.

«26 маусымда сағат 22.05 шамасында Седов Владимир Владимирович суицид жасағаны туралы хабарлама келді. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері болған жоқ. Туыстарының айғақтарына сәйкес, ер адам өз-өзіне қол жұмсады»,—деп түсіндірді басқарма.

Айта кетейік, Владимир Седов — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Олимпиаданың қатысушысы. Ол ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.

Пікірлер