Украинада ағылшын тілінің мәртебесін бекіту ұсынылды

1695
Adyrna.kz Telegram
Фото: odessa-life.od.ua
Фото: odessa-life.od.ua

Украина президенті Владимир Зеленский ағылшын тілінің Украинадағы халықаралық қатынас тілдерінің бірі ретінде мәртебесін ресімдеуді ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Украинада ағылшын тілін қолдану туралы» заң жобасы (тіркеу нөмірі 9432) Жоғарғы Раданың ресми сайтында тіркелген.

Жаңа заңнамаға сәйкес, ағылшын тілін шенеуніктер, әскери офицерлер, полицейлер мен дәрігерлерге дейін білуге тиіс.

Мұнымен қоса, ағылшын тілі балабақша мен мектепте, жоғарғы оқу орындарында міндетті пән ретінде оқытылады.

Бұл Украинаның әлемдік беделі мен бәсекеге қабілетігін көтеріп, елге туристерді тартуға бағытталған жоба, делінген құжатта.

Пікірлер