Ерлан Қошанов: «Елдегі саяси өзгерістер – бүгінгі реформалардың темірқазығы»

1544
Adyrna.kz Telegram

Елімізде болып жатқан саяси өзгерістер бүгінгі реформалардың темірқазығына айналуы керек. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумында партия Төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

Оның сөзінше, осынау реформалар болашақта ел дамуының кепілі болады.

«Өткен бір жылдың ішінде бес бірдей тағдыршешті саяси науқан өткіздік. Елдегі саяси өзгерістер бүгінгі реформалардың темірқазығына, болашақтағы ел дамуының кепіліне айналды. Біз осы жолдан айнымаймыз», – деді ол.

Айта кетейік, аталған форумға еліміздегі мәслихаттардан 2,5 мың депутат келіп қатысты.

«Мұндай басқосулар билік тармақтарының өзара байланысын нығайтып, ортақ конструктивті шешімдер қабылдауға жол ашады. Бүгінгі Форумның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, халықты толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу. Бұл – уақыт талабы», – деді Ерлан Қошанов.

Пікірлер