Құранды өртеуге тыйым салынбаған — НАТО-ның бас хатшысы

2047
Adyrna.kz Telegram

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Швецияда мұсылмандардың қасиетті кітабы өртелгеніне байланысты пікір білдірді. Ол елде Құранды өртеуге заң бойынша тыйым салынбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен бұл оқиға тудырған сезімдер мен эмоцияның тереңдігін түсінемін. Десе де,
қорлайтын және айыптауға жататын әрекеттер зайырлы заң жүйесінде міндетті түрде заңсыз болып табылмайды. Заң бойынша  тыйым салынбаған. Швециядағы Түркияға және НАТО-ға қарсы наразылықты да көрдік. Мұның бәрі маған ұнамайды. Адамдардың келіспеу құқығын қорғайтын боламын. Себебі бұл — өз ойын жеткізу еркіндігі»,—деді ол.

Еске салайық, Швеция полициясы 28 маусымда мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Стокгольмдегі мешіттің сыртында Құранды өртеп жіберуге рұқсат берген еді. Ел астанасында қасиетті кітап осымен екінші рет өртелді.

Қазіргі таңда Швецияның НАТО мүшелігіне өту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған Түркия қарсы болып отыр. Өйткені қаңтар айында даниялық Расмус Палудан Стокгольмдегі Түрік елшілігінің алдында Құранды өртеп, түріктердің қарсылығын күшейткен еді.

Пікірлер