Келді, кетті, ал шығын - шаш етектен. "Вагнер" келтірген шығын есептелді

1780
Adyrna.kz Telegram

Бүлік барысында Дондағы Ростоп қаласына кірген ауыр техника қаланың сәулетін бұзып, әкімшілікті шығынға батырғаны хабарланды. Шерулеркен техника мен көліктер тұтас қала көшелерін жырып, қырнап өтіп, тротуарларды бүлдірген. Әкімшілік келген шығынды есептеп, 92,5 миллиона рубль болғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Deutsche Welle-ге сілтеме көрсете отырып. 

"Шамалап айтсақ, жол-көлік саласында шығын мөлшері 28,8 миллион рубльді құрады. Мамандандырылған коммуналдық техника жүйесі де зардап шекті. Оны қалпына келтіру үшін 63,7 миллион рубль қажет", - делінген әкімшіліктің хабарламасында.

Дондағы Ростов әкімшілігінің басшысы Алексей Логвиненко қалада 12 мың шаршы метр жол төсемі мен 210 шаршы метр тротуар бұзылғанын айтты. Оның айтуынша:

Deutsche Welle агенттігінің жазуынша, Ростовты 24 маусымға қараған түні "Вагнер" жасағы қантөгіссіз басып алды.  Ал кешке жалдамалы бөлімшелер қаладан кетті. Көтеріліс инфрақұрылымға да, 13 ресейлік ұшқыштың өліміне де себеп болғанына қарамастан (Евгений Пригожиннің мәліметтері), ПМК басшысы да, жалдамалы әскерлер де жазаланбады. Владимир Путинмен келісімге сәйкес, жалданғандар енді Беларуссияға көшпек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер