Діни басқарма салафизмді ашық насихаттап отыр

4227
Adyrna.kz Telegram

Сопылар мен салафиттер ешқашан, ешуақытта бастары бірікпейтін, қосылмайтын дін өкілдері. Тамырлары мыңдаған жылға кетіп қалған. Оны келіп Қазақставнда татуластырамыз,  бастарын қосамыз, береке-бірлікте өмір сүреді деген ол мүмкін емес нәрсе. Біз мемлекетшілдікті алдыға қоятын болсақ үлкен жетістікке жете аламыз. Діншілдікті емес, рушылдықты емес, жершілдікті емес, мемлекетшілдікті Діни мәселеде мен мынандай принцип ұстанамын. Иә, менің сопыларға бүйрегім бұрады, бірақ, мен сопы емеспін. Мен намаз оқымаймын, зікір де салмаймын. Бірақ, ішкілікке де салынбағанмын. Керек десе темекі де шекпеймін. Ғалым Боқаш дұрыс айтады, «Сен намаз оқисың ба? Оқымайсың ба?» деген сұрақтың өзі барып тұрған мәдениетсіздік. Енді қараңыз, сопылардың алдында мен 4 жыл уахаптармен жүрген адаммын. Мен ол кезде уахабизм деген не, саляфизм деген не, сопылық деген не мүлдем түсінігім жоқ болды. Мен прокуратурада жүргенде қаба сақал уахабтардың қасында жүргенмін. Ол кезде менің түсінігімде кім намаз оқиды сол мұсылман. Кім намаз оқымайды ол мұсылман емес. Кәпір болуы мүмкін деген түсінік болды. Діни түсінігім өте қара байыр болды. Бірақта, мені солардың тобына қосылып кетпеуге, солардың  сабынан табылмауыма құтқарған жағдай ол Абай. Мен бала кезімнен Абайды оқып, жаттап, езіп ішкенмін. Әлі күнге төсегімнің басында Абай мен Шәкәрім тұр. Мені сақтап қалған осы Абайдың  өлеңдері.

Мен сол кезде 4 жыл уахабтардың қасында жүргенде бейіттің қасынан өтіп бара жатып бет сипасам да «ойбай, неге бет сипайсың» дейді. Неге сипамаймын десем, «ойбай, олай болмайды, ол ширк дейді. Неге ширк? Не үшін ширк?  Мен оның басына барып табынып жатырмын ба? Алдына барып құлап жатырмын ба? деп дауға келіп қалатынмын. Сол кезде Абайды алға тартатынмын. Сол кезде олар менен Абай деген намаз оқыған ба деп сұрайтын. Оның намаз оқыған-оқымағанынан саған келіп кетері жоқ қой. Жеке басының шаруасы ғой дегенімде, "егер, ол намаз оқымаса Абайдың сөздерін басшылыққа алма" деп, мені өздеріне қарсы қойды. Сөйтіп іркесіп-тіркесіп солармен 4 жылдай жүріп, төрт жылдан кейін олармен қош айтыстық. Мен содан кейін дін атаулыдан мүлдем түңілгенмін. Діндарлардан да түңілгенмін. Дінмен айналысып жүргендер маған қатігез, менікі ғана дұрыс, басқасынікі дұрыс емес, деген сыңаржақ, халық айтады ғой надан адамның діні қатты деп, сондай кілең надан болып көрінетін жағдайға жеттім. Сөйтіп жүргенде сопыларға тап болдым. Сопылық ағымда жүрген жігіттердің ішінде Санжар Керімбайдан бастап, профессор Саят Ибраев сияқты көптеген азаматтармен таныстым. Олардың білімділігі, сөйлеу мәнері, олардың ғылымға деген ашықтығы, ағылшын тілін білу қажеттігі бәрі  маған ұнады. Мен сопы да емеспін, уахаб та емеспін. Діни сауатым бар. Мен қай жағынан болса да мемлекеттік жағынан келген дұрыс деп есептеймін. Әрбір адам мемлекетшіл болу керек. Мемлекет иә, барлық дін өкілдеріне бірдей мүмкіндік беру керек. Иә болмаса мемлекет тиым салу керек. Біз қазір мақсатты түрде сопылықты жаншып, саляфиттерге еркіндік беріп отырмыз.

Бүкіл ҚМДБ-ның саясаты тап-таза саляфизмді насихаттап отыр.  Сіз Сманов деген уағызшының уағызын тыңдап көрдіңіз бе? Өмірден түңіліп кетесіз. Ол ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстандағы өкілі. Мен ол туралы адвокаттық сұраныс жібергенмін. Жұрттың өсегіне сенбейінші деп 2 жыл бұрын ҚМДБ-ға ресми түрде адвокаттық сұраныс жолдадым. «Смановтың бейіт жағалаған ищакбастар деген сөзі бар. Яғни, ата-бабасының зиратына барып қазақтар құран бағыштаса ищакбас екен. Осыған Сіздер қалай баға бересіздер? Осынысы дұрыс па? Алған білімі қандай? Бітірген оқуы қандай ?» деп сауал жібердім. Маған ҚМДБ жауап берді. «Иә бәрі дұрыс. Ол біздің өкіліміз. Ол өте сауатты адам деп. Бірақ, жаңағы тақырыптан жауап берсей қашып кеткен. Біздің билік саляфилікті жасырын түрде қатты қолдап отыр. Олардың ойынша, оларды билік әскер ретінде ұстағысы келеді.

2016 жылы халық жер-жерде облыстарда Жерді шет елдіктерге, қытайларға сатқызбаймыз деп бүкіл халық стихиялы түрде көтерілді. Митингіге шықты. Нәтижесінде жер сатылмайтын болды. Мораторий жарияланды. Сол кезде не істеді? Ақтөбеде салафиттердің көтерілісі бұрқ ете түсті. Оларға команда берілді. Сендер халықты алаңдатыңдар, қолдарыңа автомат алып шығыңдар деді.

Олар осылай салафиттерді басқарамыз деп ойлайды. Мен бірақ, Қауіпсіздік Кеңесіне талай мәрте хат жаздым. Салафиттер мен уахабиттер ешқашанда бақылауға көнбейтін дүлей күш.

Абзал Құспан

Толық нұсқасы Ахметбек Нұрсиләнің YouTube каналында.

 

 

Пікірлер