АҚШ-та алматылық қариялар салт-дәстүрді дәріптеді

624
Adyrna.kz Telegram
almaty.tv
almaty.tv

Сапарды ұйымдастыруға Алатау ауданы әкімдігі мұрындық болған.

«Ұлттық құндылық – ел қазынасы». Халық даналығын арқау еткен алматылық қариялар шет мемлекетте қазақи болмысты дәріптеді. АҚШ-қа арнайы аттанған Алатау ауданының ардагерлері 7 штатта концерт берді, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Ұлттық киім киіп, қолдарына домбыра ұстап, халық әндерін шырқаған ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар өзге ел азаматтарын осылай салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге тәнті етті. Аға буын өкілдері Американың түрлі қоғамдық орындарын, саябақтары мен метросын аралап, би билеп, шетелдіктерді ұлттық ою өрнекпен таныстырды. Бұл сапардың негізгі мақсаты – елімізді әлемге паш етіп, қазақ халқының текті, рухты екенін көрсету.

Айта кетейік, АҚШ-тағы арнайы концертке 23 белсенді қария қатысты. Ардагерлер кеңесінің мүшелері саяхат алдын ала жоспарланғанын және оған аудандық байқауда үздік өнер көрсеткен ата-әжелер барғанын айтты. Сапарды ұйымдастыруға Алатау ауданы әкімдігі мұрындық болған. Қариялар игі бастаманы дәстүрге айналдыруды, келер жылы басқа мемлекетте өнер көрсетуді көздеп отыр.

 Таймскверге бардық, сол жерде концерт қойдық. «Бостандық» мүсінінің алдына 3-4 түрлі ұлттық киімді ауыстырып тұрдық. «Үлкен кісілерді алып бара жатырсыңдар, қалай болады, шыдамайды ғой» деді. Бірақ Алла көмектесті, шыдады. Тағы да, мінеки, барамыз деп тұр, – деді Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағатолла Таубалды.

Пікірлер