Сайлау алдында. Өзбекстан президенті Құран өртеу оқиғасын айыптады

1888
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан президенттігіне үміткер Шавкат Мирзияев Ташкент сайлаушыларымен кездесу барысында Швециядағы қасиетті Құранның өртенуін қатыгездікке балады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

УзЛиДеП саяси партиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Мирзияев бұл мәлімдемені 5 шілде күні Ташкент сайлаушыларымен кездесу кезінде айтқан.

"Жер бетіндегі миллиондаған адамдардың діні мен саф сезімдерін қорлайтын мұндай жағдайларға жол беруге болмайды", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мирзияев өз сөзінде "әртүрлі ұлттар мен халықтардың діни құндылықтарын құрметтемейтін радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне мүлдем қарсы" екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, осы жылдың 28 маусымында Швецияның астанасы Стокгольмнің Бас мешітінің жанында Құранды өртеу акциясы өтті. Іс-шараны Швецияға Ирактан босқын ретінде келген Салван Момика есімді 37 жастағы ер адам ұйымдастырғаны хабарланды.

Бұл әрекетті мұсылман елдерінің көптеген саясаткерлері, атап айтқанда Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы түрік билігі қатты айыптады.

Еске сала кетейік, Рим Папасы Франциск те өткен аптада Швеция астанасында өткен Құранды өртеу әрекетін айыптады. 3 шілдеде шыққан "әл-Иттихад" газетіне берген сұхбатында ол мұсылмандардың қасиетті кітабының өртенуін "жиіркенішті әрекет" деп атады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер