Орыс мектебі қазақ тіліне кедергі келтіріп тұрған жалғыз фактор

1834
Adyrna.kz Telegram

Біздегі қырғыздардың балалары орыс мектебінде оқитынын естігенде, былтыр қатты таңғалғам. Сөйтсем, олар баласын қазақ болып кетпес үшін орыс мектебіне береді екен.

Қырғыздар ғана емес, еліміздегі басқа диаспоралар да, қазақтың өзі де әлі күнге дейін баласын орыс мектебіне апарып оқытады. Елбасымыз Шамалғанда жүр екен ғой. Месхет түріктері алғашқы президентімізді жақсылап қарсы алып, оны айнала билеп жүр. Жәй ғана билеп жүрген жоқ, көңілін аулап жүргендей болып көрінді.. Месхет түріктерінің 99 пайызы да балаларын орыс мектебінде оқытады. Ойлап қарап отырсаң, орыс мектебі қазақ тіліне кедергі келтіріп тұрған жалғыз фактор екен. Орыс мектебін жауып тастасақ, бәрі баласын қазақ мектебіне апарып оқытады да, қоғамымыз қазақылана бастайды екен!

Жолымбет Мәкіш

Пікірлер