Ресей мемлекеттік думасы әскер қатарына шақыруды 30 жасқа дейін созатын заң қабылдамақ

1615
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы сайтында әскерге шақыру жасын арттыру туралы заң жобасына түзетулер енгілді. Осыған сәйкес, Ресейде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жастан 30 жасқа дейінгі азаматтар әскер қатарына шақырылмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Әскерге шақыру жасын арттыру туралы заң жобасы Сейсенбі, 25 шілдеде екінші және үшінші оқылымдарда бірден қаралды, деді Мемлекеттік думадағы Қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов.

Ендігі кезекте 2 миллионнан көп ресейліктердің әскерге шақырыталыны айтылды.

- Әскерге шақыру жасын кеңейту кезінде 18-ден 27 жасқа дейінгі қазіргі талаппен салыстырғанда  адам саны артады.  Яғни, 2 миллион адамнан 9,14 миллионға дейін адам әскерге шақырылады, деп есептеді экономикалық саясат институтының ғылыми қызметкері, - деді Гайдар Игорь Ефремов.

Еске сала кетейік, әскерге шақыру жасын 30 жасқа дейін көтеру туралы заң жобасын Мемлекеттік Думада, маусым айының ортасында, бірінші оқылымнан мақұлдады. Шілде айында думадағы қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов әскерге шақыру жасының төменгі шегі өзгеріссіз қалатынын, тек жоғарғы жас шектеуі 18 жастан 30 жасқа дейін болатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, демографиялық жағдайға байланысты мұндай шешім шығып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер